Ғафур Ғұлам (шын аты-жөні — Ғафур Ғұламов) (1903—1966), - өзбек совет ақыны публицист. Өзбек КСР Халық ақыны (1963). Ленин сыйлығының 1970 және Сталин сыйлығының екінші дәрежелі (1946) лауреаты. Хамзамен бірге жаңа өзбек өлең ұйқасының негізін салушы ретінде танымал.
Ғафур Ғұлам 1903 жылы 27 сәуірде Ташкентте шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі өзбек және тәжік өлеңдерін оқығанды ұнататын, сонымен қатар орыс тілін де меңгерген болатын. Жиі өлең де жазған. Олардың үйлерінде Мукими, Фуркат, Асири, Хислат және басқа да ақындар жиі-жиі бас қосып тұратын.
1916 жылдың күз айларынан ол училищеде оқи бастайды. Әкесінің өлімінен, сонсоң анасының өлімінен кейін жетім қалады. Он шақты мамандықты байқап көрген. Азамматтық соғыс жылдарында балалар үйіне қабылданады. Баспаханада мәтін теруші бола жүріп, педагогикалық курстарда оқи бастайды. Ташкент педагогика университетін тәмамдаған. 1919-1927 жылдары мұғалім, мектеп директоры, Ағарту ісі жұмысшылар одағының төрағасы болып қызмет атқарады. Балалар интернатын ұйымдастыруға және қабылдау пунктерін жасауға үлкен үлес қосады.
1923 жылдан бастап өзінің алғашқы өлеңдерін, сондай-ақ очерк және сықақ әңгімелірін жариялай бастайды. Оның «Феликс балалары» атты алғашқы өлеңі «Маориф ва укитувчи» журналында 1923 жылы жарық көреді. А. С. Грибоедовтың, М. Ю. Лермонтовтың, В. В. Маяковскийдің, Н. Хикметтің, Ш. Руставелидің, Низами, Дантенің, П. Бомаршенің, У. Шекспирдің туындыларын өзбек тіліне аударған.
Өзбек КСР ҒА академигі (1943).
Ғафур Ғұлам 1966 жылы 10 шілдеде қайтыс болады. Ташкенттегі Шағатай мазарында жерленген.
|
|
|
|
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|