Қатаған

Қатағандар - Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпа.

Рәшид әд-Дин қатағандарды көшпелі ру - қатақин деп атап, оларды Алұн гоаның үлкен ұлы Бугунхатакидан таратады. Бір қатар зерттеушілер (Х. Арғынбаев) соған байланысты қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс хан дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болған деген болжам жасайды. XVII ғасырдың бас кезінде Ташкент билеушісі Тұрсын хан әскерінің негізін қатағандар құраған. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіргенде бүлікшіге тірек болған, қазаққа қарсы қылыш көтерген қатаған руын да қырып жіберген, тірі қалғандарына қысымшылық көрсеткен. Қудалауға ұшыраған қатағандар ыдырап, біраз бөлігі өзбек халқына және қазақтардың Ұлы жүзінің шанышқылы тайпасына сіңісіп кеткен. Кейбір шежіре деректеріне қарағанда, қатағандар ысты тайпасының құрамына, қоңырат тайпасындағы жетімдер руына да араласқан. Қатаған қырғыны Есім ханның жеңісі емес, бүкіл қазақ ордасының орны толмас қасірет болды[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ хандығы: "Қазақстан балалар энциклопедиясы" топтамасы. Алматы "Аруна" баспасы 2010 жыл