Әйел еңбегі

Әйел еңбегі - әйелдердің өндіріс процесіне қатысуы.[1][2]

Оның сипаты мен формасы қоғамдық құрылысқа байланысты. Қанаушылық қоғамның қайсысында болсын әйел екі жақты қаналады. Капитализм дамуы кезінде әйелдерді өндіріске тарту артады. Бұл олардың экономикалық дербестігіне жол ашады, алайда осы прогресшіл процестің өзі буржуазиялық қоғамда терең қайшылықта жүзеге асады. Әйелдердің теңсіздігін пайдалана отырып, буржуазия еркектер еңбегіне қарағанда әйел еңбегіне ақыны аз төлеу арқылы әйел жұмысшыларды қанау саясатын жүргізеді. АҚШ-та машина жасау өнеркәсібінде еркектермен бірдей істеген жұмысшы әйелдерге еңбек ақы 20% кем төленеді. Әсіресе негр әйелдерінің халі мүшкіл. 1947 ж. негр әйелдерінің еңбек ақысы ақ нәсілді әйел еңбек ақысының 34,5%-ы немесе ақ нәсілді еркектің еңбек ақысының 18%-ы болды. Әйелдер еңбегін қорлау барлық капиталист елге тән. Францияда әйелдердің сағаттық тарифтік нарқы еркектер атқарған сондай жұмыстағы еңбек нарқының 50-60%-ы мөлшеріндей. Ал Норвегия әйелдер еркек еңбек ақысының 60-65%-ын, Швецияда 70%-ын, Швейцарияда 61-65%-тейін алады. Әйелдер еңбегінің жағдайы әсіресе отар және тәуелді елдерде өте ауыр, оған ақы төлеу мөлшері де төмен болды.

Бүкіл дүние жүзілік кәсіпшілер одағы федерациясының инициативасымен тең еңбегі үшін әйелдерге еркектермен бір мөлшерде ақы төлеу туралы мәселе БҰҰ-да қаралды (1948). Оған қатысқан капиталист елдердің көпшілігінің қарсылық жасауы салдарынан әйелдердің экономикалық тең құқылық жөніндегі негізгі принцип өз шешісін таппады. Капитализм тұсында әйелдер еңбегін қанауды әшкерелей отырып, марксизм-ленинизм оны қоғамдық өндірісте қолданудың прогресшілдігін құптайды және буржуазиялық «теоретиктердің» әйел үлесі от басы, ошақ қасы, бала өсіру деген уағыздарына үзілді-кесілді қарсы шығады. Әйелдер еңбегінің прогресшіл мәні әйелдердің қоғамдық өндіріске кеңінен тартылуында, олардың қоғам өміріне белсене қатысуында. Капитализм тұсында әйелдер еңбегінің бұл прогресшілдігі сөзсіз антогонистік форма алады. Капиталист кәсіпорындарында әйелдер еңбегін жүгенсіз қанау еңбекші әйелдер тарапынан үзілді-кесілді қарсылыққа кездеседі. Капитализм жойылғанда ғана әйелдер бостандық, әйелдер еңбегі жаңа мазмұн алады, оның прогресшілдігі айқындала түседі.

1910 ж.

Социалист революяцияның жеңісі әйелдер еңбегін өндіріс пен мәдениеттің барлық саласында жемісті пайдалануға жол ашты.
«КСРО-да әйелге шаруашылық, мемлекеттік, мәдениет және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бірдей тең құқық беріледі» (КСРО конституциясы 125 бап). Социалистік шаруашылықта әйелдердің еңбегін тиімді қолдану-социализмнің капитализмнен артықшылығының бір белгісі. Елімізде әйелдердің еңбегін қоғамдық өндіріске көптен қатыстыру, біріншіден халық шаруашылығының қаулап дамуын жұмыс күшімен қамтамасыз етсе екінішден әйелдер бостандығын, олардың еркектерімен теңесуінің эконосик негізі әрі отбасының жаңа социалистік формасын құрудың негізі болады. Социалистік өндіріс әдісі әйелдердің еңбегі туралы мәселені жаңаша шешуге мүмкіндік туғызады. КСРО-да капиталистік қоғаммен салыстырғанда әйелдердің еңбегін халық шаруашылығының барлық саласында жоспарлы бөлінеді. Социалистік қоғамда әйелдер атқарған жұмысына еркекетерммен бірдей ақы алады, білім алуына жол ашық, денсаулығы қорғаулы, мамандығы арттырылады, басшы қызметке жоғарылытады, тұрмыс жағдайы үздіксіз жақсартылып тұрады. КСРО-да жоғары білімді барлық мамандардың жартысына жуығы әйелдер. Одақ бойынша 464 мың әйел дәріге (72%), 1657 мың әйел мұғалім (71%) болып, істейді. Светтік әйелдер басқару ісіне белсене қатысады. Мысалы 1966 жылғы өткен сайлауда 425 әйел (28%) КСРО Жоғарғы советіне депутаттқа сайланды. 1971 жылы одақтас және автономикалық республикалардың жоғарғы советтіне сайланған депутаттардың 36,4% жергілікті советтерге депутаттардаң 45,8% әйелдер. Бүгінгі қазақ әйелдері түгел сауатты, қоғамның еркекетермен терезесі тең мүшесі. «Екі жылдың ішінде Совет өкіметі Еуропаның ең артта қалған елдерінің бірінде әйелді азат ету үшін оны күшті жыныспен теңгеру үшін бүкіл дүние жүзінің алдыңғы қатарлы білімді, республиканың бәрі жабылып 130 жыл ішінде істемеген ісін істеді» деген ұлы көсем сөзінің мысалын бұрын қанауда езгіде болған әйелдерінің бүгінгі тамаша өмірінен айқын көруе болады. Қазақстан ғылыми мекемелері мен оқу орындарында 52 әйел ғылыми докторы, 1370 әйел ғылыми кандидаты жұмыс істейді. Қазақстанда 18 әйел КСРО жоғарғы советінің (1970 жылы), 170 әйел Қазақ ССР Жоғарғы советінің (1971жылы) және 5028 (45%) әйел жергілікті жердің депутаты болды. Совет үкіметі әйелдердің қажырлы еңбегін жоғары бағалайды. КСРО-да 91 әйел – Совет Одағының Батыры, 3925 әйел – Социалист Еңбек Ері. Қазақстанда 115 мың әйел Совет Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған, 2 әйел – Совет Одағының батыры, 187 әйел – Социалист Еңбек Ері. Қазақстан әйелдері республиканың шаруашылық, мәдени, қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысады. Оны әйелдердің республика халық шаруашылық салаларында жұмыс істеуінен айқын көреміз.

Совет мемлекеті әйелдердің қоғамдық өндіріске кеңінен қатыстыра отырып, олардың денсаулығын қорғауға үлкен қамқорлық жасайды, жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру нәтижесінде әйелдер еңбегі қолданылатын мамандықтар көбейді. Әйелдер организмінің өзгешелектеріне байланысты олар ауыр және денсаулығына зиянды өндірісте жұмыс істеуден босатылды, кейбір өндіріс саласында оларға ерекше жағдайлар жасалды, КСРО Министр Советінің «Әйелдерді ауыл шаруашылығының күрделі мамандықтарды қажет ететін жұмысына көбірек қатынастыру туралы» қаулысында (1969) ауыл шаруашылығының күрделі машиналарын меңгеретін әйелдерге еңбек нормасы 10% төмендетілді және қосымша демалыс уақыты 12 күнге ұзартылды. Жұмыс орындарында әйелдерге арналған бөлмелер бар, үй шаруасын жеңілдету мақсатымен тұрмыстық қызмет көрсететін ұйымдардың атқаратын жұмыс түрі молйдаы, балалар бақшасы мен яслилері үздіксіз көбейтіліп келеді. Екі қабат және жас балалы әйелдерге көптеген жеңілдіктер жасалып, олардың қоғамдық еңбектен қол үзбеуіне жағдай туғызылды.

Социализм елдерінде әйелдердің теңсіздік жағдайын жою және әйелдер еңбегін жеңілдету, оларды қоғамдық еңбекке кеңінен қатыстыру жөніндегі шаралар көптен жүргізіліп келеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  3. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІІ том