Василий Васильевич Давыдов (31.08.1930, Мәскеу - 19.03.1998, Ханты-Мансы автономиялық округі) — дамыта оқыту теориясын құрастырушылардың қатарындағы отандас психолог. Психология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО-дағы ПҒА академигі, АҚШ-тың Ұлттық білім академиясының құрметті мүшесі.
Мәскеу мемлекеттік университетінің философиялық факультетінде оқып, аспирантураны да сонда бітірген. 1959-1983 жылдарда Кеңес одағының ПА (педагогикалық академия) жалпы және педагогикалық психология ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, кейіннен сол институттың директоры қызметтерін атқарған.
"Вопросы психологии" және "Психологический журнал" деп аталатын журналдардың редколлегиясының мүшесі.
Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясының дәстүрін және А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің, А.Р.Лурияның, Д.Б.Элькониннің, П.Я.Гальпериннің құрастырған іс-әрекет теориясын жалғастыратын психологиялық мектептің ұйымдастырушысы. Д.Б.Эльконинмен бірге психикалық дамудың жаңадан жастық ерекшеліктеріне байланысты нормаларының жобасын құрастырған.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|