Григорий Акинфович Белов (1895 жылы 6(18) желтоқсанда Новгород губерниясы, Вахонькинода дүниеге келіп, 1965 жылы 13 қыркүйекте Ярославльде дүниеден өткен) – совет театр- және киноактері. 1956 жылы КСРО-ның халық әртісі атағын алады. 1949 жылы екінші дәрежелі сталиндік сыйлықтың лауреаты болады.
Григорий Белов 1895 жылы 6 (18) желтоқсанда Вахонькино аулында (қазіргі Вологда облысы, Кадуй ауданы) село мұғалімі отбасында дүниеге келеді. Ауыл мектебінде оқып, кейін Череповец училищесінде оқиды. 1915 жылы Петроградқа барып Политехникалық институтының экономика бөліміне тапсырады. Сонымен бірге Ю.М. Юрьев жетекшілігімен Александринский театрының драма студиясында оқиды. 1916 жылы Григорий Акинфович Оңтүстік-Батыс майданы, артиллерия бөліміне жіберіледі. Алғаш рет сахнаға 1922 жылы шығады. Григорий Белов 1965 жылы 13 қыркүйекте дүниеден өтеді. Ярославль Леонтьев мазарында жерленеді.
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|