Ион Драгумис (гр. Ίων Δραγούμης, 2 қыркүйек 1878 — 31 шілде 1920) — грек дипломаты, саяси қайраткер, көтерілісші және жазушы. Ион Драгумис 1878 жылы 2 қыркүйекте Харилаоса Трикуписа билігі кезінде Сыртқы істер министірі болған Стефанос Драгумистің отбасында туған. 1899 жылы Афина университетінің заң факультетіе тәмамдаған. Грекияның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс жасаған.[1]
1901 жылы Италия мен Швейцариядағы Грекияның елшісі болады. 1905 жылы Павлос Меластың өлімінен кейін ол Александрияға қайта оралады. 1907 жылы Константинопольге көшіп келеді. Түркияда ол гректер мен Түркия парламент мүшелерімен бірге «Саяси шолу» грек журналын басып шығара бастады. 1910-1912 жылдарда Балкан соғысына қатысады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейдегі Грекияның елшісі болып тағайындалып, Санкт-Петербургке келеді. 1915 жылы Ион Драгумис отставкаға шығады, дегенмен елдің саяси өміріне белсене араласады. 1920 жылы астаналық «Катимерини» газетінде премьер-министр Элефтериос Венизелосаның әрекеттерін қатты сынаған еңбегі шығады. 1920 жылы 31 шілдеде тұтқынға алынып, Абелокипи ауданында атылады. Сол жерде мемориальды тақта орналасқан.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|