Владимир Николаевич Сосюра (06.01.1898, Дебальцево станциясы, қазіргі Донецк облысы-08.01.1965, Киев)- украин кеңес ақыны.
1920 жылдан КОКП мүшесі. Азамат соғысына қатысты (1918-1920).
1917 жылдан жаза бастады. «Қызыл қыс» (1921), «1917 жыл» (1921), «Соғысқа-соғыс» (1930) поэмаларын жариялады. Кеңестік патриотизм, халықтар достығы, кеңес құрылыстық тақырыбына арналған «Қызыл гүлдер» (1932), «Сүйемін» (1939) т.б. кітаптары шықты. Ұлы Отан соғысы тұсында «Қызыл жауынгерлерге» (1941) өлеңдер жинағы, «Олег Кошевой» (1943), «Менің Ұлым» (1944) пoэмалары жарық көрді. Соғыставн кейінгі кезеңде «Жайқалсын жасыл бақ» (1947 ж, КСРО Мемлекетік сыйлық, 1948), «Қарлығаштар күн қанатында» (1960), «Еңбеккер семьясының бақыты» (1962, екеуі де Т.Г.Шевченко атындағы республикалық сыйлық, 1963) т.б. кітаптарын шығарды.
2 рет Ленин орденімен және басқа 2 орден, медальдармен марапатталған.[1]
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Volodymyr Sosyura |